Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да үш ауданның әкімі сайланды

Елімізде күні кеше алғаш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтті.  Облыстық сайлау комиссиясы саяси науқанның қорытындысын  жариялады, деп хабарлайды тілшміз.

Жауапты сала мамандарының мәліметі бойынша сайлаушылар тізіміне 35 846 азамат енгізілді. Дауыс беруге оның  24 061-і, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 24, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 660 сайлаушы қатысты. Өңір бойынша саяси додаға 8 кандидат түсті.

 «Аудан әкімдері сайлауының қорытындысы шықты. Есіл ауданы бойынша Мұхамедияров Мереке Тілеужанұлы үшін сайлаушылардың 8419-ы дауыс берді. Екінші кандидат Шаймергенов Серік Жәукеұлы 1630 дауыс жинаған. Ал 724 есілдік барлығына қарсы дауыс берген. Ал Мамлют ауданы бойынша сайлауға түскен 3 кандидаттың арасында Жұмықов Мейірхан Серғалиұлы ең аз дауыс жинаған, 428. Исманов Абзал Жәмкенұлына 604 сайлаушы сенім білдірсе, Степаненко Елена Федоровнаға 6817 адам дауыс берген. Бұл аудан бойынша «барлығына қарсы» деген бағанды  416 тұрғын таңдаған. Тимирязев ауданы бойынша айтар болсақ, Талғат Файзоллаұлы Есләмов 338 дауыс жинаған. Ал екінші кандидат Қайрат Зейноллаұлы Жағыпаровқа сайлаушылардың 358-і қолдау білдірген. Тимирязев ауданында «барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 181 болды», – дейді облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Сағындық Рахымжан. 

Осылайша Тимирязев ауданының тұрғындары Ерлан Қайырұлы Жаровқа сенім артқан. Ол 3536 дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті.

Ерлан Қайырұлы Жаров 1982 жылы 7 мамырда туған. Екi жоғары бiлiмi бар: 2003 жылы Қарағанды «Фемида» заң академиясын «заңтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн «менеджмент» мамандығы бойынша бiтiрдi.

06.2001 — 06.2003 — «Дезинфекция» АҚ заңгерi, Көкшетау қ

09.2003 — 05.2004 — «Тайынша қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ әлеуметтiк атаулы көмек бойынша маманы;

06.2004 — 11.2004 — «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ бас маманы;

11.2004 — 05.01.2005 — «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ аз қамтылған отбасылармен жұмыс бойынша бас маманы;

01.2005 — 06.2006 — Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнде бас маманы;

06.2006 — 09.2008 — Чкалов ауылдық округiнiң әкiмi, Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ;

09.2008 — 04.2012 — аудан әкiмiнiң орынбасары, «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ;

04.2012 — 07.2013 — аудан әкiмiнiң экономика және ауыл шаруашылығы мәселелер жөнiндегi орынбасары, «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ;

07.2013 — 08.2014 — аудан әкiмiнiң өнеркәсiп, құрылыс және жедел мәселелер жөнiндегi орынбасары, «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ;

08.2014 — 03.2015 — аудан әкiмiнiң құрылыс, ауыл шаруашылығы және жедел мәселелер жөнiндегi орынбасары, «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ;

04.2015 — 10.2018 — «Зеренда-Астык» ЖШС директоры, Ақмола облысы Зерендi ауданы Зерендi а.;

03.2015 — 04.2016 — «Агрофирма Казэскпортастык» ЖШС бас директорының орынбасары, Ақмола облысы Көкшетау қ.;

03.2016 — 01.2019 — Ақмола облысы Зерендi ауданы «Кызылегис» фермер шаруашылығының басшысы;

01.2019 — 05.2022 — аудан әкiмiнiң орынбасары, «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ;

2022 жылғы 24 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкiмi болып тағайындалды.

Ал Есіл ауданының әкімі болып Мереке Мұхамедияров сайланды.

Ол 1962 жылы 8 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.

Целиноград машина жасау техникумын «Техник-механик» мамандығы бойынша, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірді

Еңбек қызметі кезінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды:

* Сергеев ауданы «Еңбек» кеңшары комсомол ұйымының хатшысы,

* Сергеев ауданы «Еңбек» кеңшарының № 2 бөлімшесінің басқарушысы

* Сергеев ауданы «Еңбек» кеңшары директорының өндіріс жөніндегі орынбасары

* Сергеев ауданы Жаңасу а. Жаңасу ауылдық әкімшілігінің басшысы

*Сергеев ауданы Жаңасу а. Жаңасу ауылдық округінің әкімі

* Сергеев ауданы Сергеевка қаласы, Аютас ауылдық округі әкімінің орынбасары

* Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Аютас ауылдық округінің әкімі

* Сергеевка қаласының әкімі, Сергеевка қаласы, Шал ақын ауданы

* Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер, көлік және коммуникациялар жөніндегі орынбасары, Сергеевка қ., Шал ақын ауданы

* «Петропавл қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі басшысының орынбасары

* «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы

* «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы

* «Джумабаев Г.Т.» ЖК басшысының орынбасары

* Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасарының міндетін атқарушы

* Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басышысы болып жұмыс істеді

Отбасылық жағдайы, үйленген екі баласы бар.

Ал Елена Степаненко Мамлют ауданының әкімі болды. Айта кетейік, ол ауданды басқаратын өңірдегі алғашқы әйел.

Елена Федоровна Степаненко 1972 жылы 01 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданына қарасты Александровка ауылында туды. Ұлты орыс. Білімі жоғары, 2003 жылы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1990 жылы Ленин аудандық әлеуметтік қамту бөлімінде аға инспектор болып бастады.

2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

2009 жылдан бастап әр түрлі мемлекеттік лауазымдарды атқарды. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін, 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымын,

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымын атқарды.

2023 жылғы 01 тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің құрылыс, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Тұрмыста. Екі баласы бар.

 

 

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *