Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да спорт залы жоқ мектептер бар…

Еліміз бойынша 600-ден астам мектепте спорт залы жоқ. Дегенмен дене шынықтыру сабағы далада немесе шағын кабинеттерде өтеді. Бұл балалардың денсаулығына аса зиян дейді мамандар. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының Бірлестік ауылындағы мектепте спорт залмен қоса, зертхана, акт залы тіпті әжетхана да жоқ, деп хабарлайды тілшіміз.

Елсанат Құрманқұл аталған білім ошағында 11-ші сыныпта оқиды. Алдағы сынаққа дайындалып жүр. Болашақта физика және математика пәндерінің мұғалімі болғысы келеді. Арнайы кабинет пен құралдар болмағандықтан зертханалық жұмыстар сөз жүзінде ғана жүргізілетінін айтады.

«Химия, физика пәні кабинеттері және олардың арнайы өзіне арналған құрал-жабдықтары болса, жақсы болар еді. Лабараториялық жұмыстарға дайындалуға болатын еді. Біз енді кетеміз. Сондықтан артымыздан оқып келе жатқан іні-қарындастарымызға сол жағдай жасалса деймін», — дейді Елсанат Құрманқұл. 

Бірлестік ауылындағы мектептің ғимараты 1991 жылы жатақхана ретінде салынған. Кейін ауыл мектебіне беріліпті. Асхана да аядай бөлмеде жұмыс істеп тұр.

«Тазалық жағынан сол асханаға көңілім толмайды. Балаларға деп  су ішетін арнайы аппарат болуы керек қой. Ол жоқ. Соны қарастырса жақсы болар еді. Білім сапасы жоғары. Себебі мұғалімдер бұрыннан істеп келе жатыр», — дейді ауыл түрғыны Диана Данкина.

Шағын орталық пен медициналық пункт те мектеп ғимаратында орналасқан. Білім ошағы 58 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал дене шынықтыру сабақтары далада өтеді. Мұғалімдер мектеп бағдарламасын қамту мүмкін емес екенін айтады. Қыс бойы қақаған аяз бен жаздың аптап ыстығында жұмыс істеу де қиын.

«Жоспарда көрсетілген тақырыптарды барынша қамту үшін біздің мектептің мүмкіншілігі жоқ.  Волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерімен балалар айналыса алмайды. Себебі бұл ойындар спорт залдың ішінде өтуі тиіс», — дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанат Мұқанов.

2020 жылы ауыл азаматтары ақша жинап, мектеп жанындағы мәдениет үйін қалыпқа келтіре бастаған. Жоспар бойынша спорт зал да болуы тиіс. Алайда қаражат таусылып, жұмыс аяқсыз қалған. Былтыр нысанды аудандық әкімдік өз меншігіне алыпты.

«Ғимараттың жарамдылығын зерттедік. Ендігі жылы мәдениет орталығы қайта қалыпқа келтіріледі деген жоспар бар», — деді Айыртау аудандық мәдениет үйінің директоры Меруерт Зұлқарнай. 

Бос тұрған ғимарат әзірге кептерлердің мекеніне айналған. Ал құрылысты аяқтау үшін 117 млн теңге қажет.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *