Жарияланған күні: 07.11.2023
СҚО-да заңсыз аң аулағандар қолға түсті
СҚО-да заңсыз аң аулағандар қолға түсті. Пысықайлар екінші қараша күні Шал ақын ауданындағы Рясинка ауылының маңында аңшылық құрғандар анықталды. Олар бұлан етін бөлшектеп жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды тілшіміз.
Бұланды рұқсатсыз аулағандар облыстың 5 тұрғыны екен. Оларды «Сергеевское орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлері және «Сергеевское» аңшылық шаруашылығы субъектісінің мамандары бірлесе ұстаған. Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген шығын көлемі- 2,5 миллион теңгеден асады.
Аталған факті бойнша қылмыстық іс тіркеліп, барлық материалдар Шал ақын ауданының полиция бөліміне жіберілді. Тергеу жүргізілетін болады.