Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңадан сайланған әкімдерге бірнеше тапсырма жүктеді

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңадан сайланған әкімдерді аудан активіне таныстырып, бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды тілшіміз.

Бесінші қараша күні елімізде алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Солтүстік Қазақстан облысында сайлау науқаны Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарын қамтыды.

Саяси доданың қорытындысы бойынша Есіл ауданының әкімі болып Мереке Мұхамедьяров сайланды.

Ерлан Жаров Тимирязев ауданының әкімі болды.

Елена Степаненко Мамлют ауданының әкімі болып сайланды. Айта кету керек, бұл облыс тарихында ауданды басқарған алғашқы әйел.

«Аудан активіне жаңа әкімдерді таныстырып, аудандарды одан әрі дамыту және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар міндеттерді жүктедім. Бұл ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте жаңа жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге инвесторлар тарту, инфрақұрылымды дамыту, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту және жолдар салу. Білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту да басты назарда», — деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *