СҚО-да 16 бас уақ мал жүк пойызының астына қалып қойды
СҚО-да 16 қой жүк пойызының астында қалып қойды, деп хабарлайды тілшіміз.
Оқыс оқиға үшінші қараша күні Белеградовка – Жаңаесіл аралығында болған. Жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген уақ малмен соқтығысып қалмау үшін шұғыл тежегішті басқан Дегенмен одан айтарлықтай нәтиже болмады. 16 бас мал жүк пойызының астында қалып қойды.
Пойыз белгіленген кестеден 10 минутқа кешіккен. Арнайы тексеру жұмыстары барысында үй жануарларының иесі анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (Теміржолдарға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында пойыздардың шұғыл тежелуінің 1624 фактісі тіркелді. Оның 1077-сі темір жол бойында жануарлардың болуы себебінен екен.