Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
>
Mons
14 Juil
23°C
15 Juil
21°C
16 Juil
19°C
17 Juil
22°C
18 Juil
24°C
19 Juil
27°C
20 Juil
30°C
>
Mons
14 Juil
23°C
15 Juil
21°C
16 Juil
19°C
17 Juil
22°C
18 Juil
24°C
19 Juil
27°C
20 Juil
30°C
23:14:59Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Уәлиханов ауданында дәрігерлерге салынып жатқан үйдің сапасы сын көтермейді

Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылында дәрігерлерге салынып жатқан үйдің сапасы сын көтермейді, деп хабарлайды тілшіміз.

Баспана қазан айының соңында тапсырылуы тиіс болатын. Алайда, анықталған бірқатар бұзушылыққа байланысты нысан әлі күнге дейін бос тұр.

Бұл олқылылықтарды «AMANAT» партиясының мүшелері мониторинг барысында анықтады. Нысанды тексеру кезінде терезелердің дұрыс орнатылмағаны белгілі болды.

«Баспанада барлығы 62 терезе бар. Олардың барлығы жарамсыз болып шықты. 32 терезені реттеп, 28-інде жақтауларын ауыстыру қажет. Проблемаларды анықтадық, енді бұл нысанға бақылауды күшейтетін боламыз. Уәлиханов аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне шұғыл түрде тиісті жұмыстарды реттеу ұсынылды», — деді партиялық бақылау бекетінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Сапар Саниев.

Қазір ақауларды ретке келтіру бойынша Уәлиханов аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Кошманов» ЖК шарт жасасты. Кемшіліктерді қарашаның 20-на дейін жоюға уәде берді. Қазір аумақты қоршау жұмыстары жалғасуда. Жалпы нысан 97 пайызға дайын.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *