Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл еңбеккерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Биыл Солтүстік Қазақстандық диқандар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан ел қамбасына -3,7 миллион тоннадан астам астық құйды. Жиналған өнім көлемі гектарынан орта есеппен -11,1 центнерден айналды.  Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу қызметкерлері күні қарасаңында еңбеккерлер ерекше құрметке бөленді. Өсімдікпен мал шаруашылығын өркендетіп, өнегелі еңбегімен танылған шаруаларды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов марапаттады, деп хабарлайды тілшіміз.

Күз — ауыл еңбеккерлері үшін қашанда береке мен мерекенің мезгілі. Орақ науқанын аяқтаған шаруалардың көңілі қазір шат-шадыман. Тамыз бен қыркүйектегі жауын диқандарды әбігерге салғаны жасырын емес. Дегенменде ризығын жерден табатын шаруалар қамбаға -3,7 миллион тонна астық құйды.

«Биылғы жыл оңай болған жоқ. Мен өзім осы салада 45 жыл жұмыс істедім. Мұндай жылды бірінші рет көріп тұрмын. Сондықтан ойламыз, әлі де мемлекет қолдауын, көмегін беретін шығар деп. Мал шаруашылығы жақсы дамуда. Еліміз бойынша біздің облыс алдығы қатарда. Өйткені жыл сайын оннан артық  тауарлы –сүт фермалары салынып жатыр», — деді ауыл шаруашылығы саласының ардагері Серікбай Тұралинов.

Егіншілікпен бірге мал шаруашылығы қатар дамып келеді. Жыл соңына дейін облыста 700 мың тонна сүт өндіріледі. Өңір ауыл шаруашылығы өнімдерімен өз-өзін қамтамасыз етіп отыр. Әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік түрінің 15-і аймақта шығарылады. Құс еті импортын азайту үшін де, ауқымды жобалар қолға алынды. 

«Жылына -5 мың тонна құс етін өндіруге мүмкіндігіміз бар. Сондықтан алдағы жоспарымыз ауқымды. Енді болашақта толық циклді кәсіпорын құруды ойлап отырмыз. Яғни жұмыртқа өндіруді қолға аламыз. Ол үшін 20 гектар жер бөлінді. Әзірге бізде  160 адам еңбек етіп жатыр.  Орташа айлық -250 мың теңге»,- деді құс фабрикасының директоры Талғат Мақтаев .

Облыста 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымы бар, салада 90 мың адам жұмыспен қамтылған. Соңғы үлгідегі технологиялар қолданылып, жоғары өнімді техника алынуда. 

«Аграрлық саланың өркендеуіне елеулі үлесін қосып жатқан ауыл еңбеккерлеріне ризашылығымды білдіремін. Сіздер еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келесіздер. Ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отыра, отбасыларыңызға береке мен молшылық тілеймін. Келер жыл табысты әрі өнімді болсын!», — деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Салтанатты шара барысында үш азамат «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Тағы алтауы ауыл шаруашылығы саласының үздігі атанды. Сондай-ақ механизатор, агроном, зертханашы, бақташы сынды қарапайым жұмысшыларға министрлік пен облыс әкімінің құрмет және алғыс хаттары табысталды. Шара соңы эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *