Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да бораннан кейін бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Солтүстік Қазақстан облысында бораннан кейін бірнеше ауыл жарықсыз қалды. Тіпті кей аудандарда байланыс және су тоқтады деп хабарлайды тілшіміз. 

Мәселен Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында электр жарығы 18 қараша кешке  сөнді. Артынша тіршілік нәрі де  тоқтаған.  Қолайсыз ауа райына байланысты негізгі магистральді электр тарату желісі істен шыққан. Салдарынан Бескөлде жылыту жүйесі тоқтатылды. Барлық қызмет күшейтілген тәртіпте жұмысқа кірісті. 

«Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ мәліметінше, 18 қараша күні ауа райына байланысты СҚО аумағындағы қондырғыларда және желілерде бірнеше технологиялық бұзылу фактісі тіркелді. Жабысқақ қар мен қатты жел салдарынан электр тарату желілеріне мұз қатып, үзілді. Қазіргі уақытта бригадалар электр желілерін тексеріп, апат орындарында жұмыс істеп жатыр. «Аққайың ауданы, соның ішінде аудан орталығы Смирновода, М.Жұмабаев, Қызылжар ауданы, соның ішінде Бескөлде, Мамлют, Жамбыл, Есіл, Тимирязев, Шал ақын аудандарында электр қуаты болған жоқ. Мағжан .Жұмабаев ауданында ең күрделі технологиялық бұзылу тіркелді. ВЛ-110 кВ «ПТЭЦ-2-Булаево-нефть» тірегі істен шығып, аудан толықтай электр қуатынан ажырап қалды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Болған жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамыз, бригадалар күшейтілген режим тәртібінде апат салдарын жойып жатыр», — деп жазды компания өкілдері  әлуеметтік желідегі парақшасында.

Энергетиктер кәсіпорын жұмысын қалыпқа келтіру үшін тиісті іс-шараларды қолға алды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *