Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 100-ден астам ауылда жарық жоқ

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам ауылда бірнеше күннен бері жарық жоқ. Өңірде боран соғып, екпінді желден электр сымдарына мұз қатқан. Салдарынан желілер жаппай істен шығып жатыр. Бір ғана Мағжан Жұмабаев ауданында 45 елді мекен қараңғылық құшағында қалған, деп хабарлайды тілшіміз.  

Облыс орталығынан жетпіс шақырым қашықта орналасқан Ганькино ауылында жарық екі күннен бері жоқ. Тұрғындар электр энергиясы болмаған соң судың да тоқтағанын айтады.

«Жұма күннен бері жарықсыз отырмыз. Артынша тіршілік нәрі тоқтап, телефон байланысы жоғалып кетті. Бүгін  әйтеуір ақырындап  су беріле бастады. Қараңғыда отырмайық деп дүкеннен шам сатып алдым», — дейді Ганькино ауылының тұрғыны Людмила Иванова. 

Ауыл маңындағы электр желілері өткен ғасырдың 60-жылдары пайдалануға берілген. Электр сымдарына мұз қатып, қатты желге шыдас бермей үзілген. Оқиға орнына жеткен мамандар іске кірісті.

 «Қазір жөндеу жұмыстарын бастадық. Бағанды қайта қалпына келтіреміз. Әрі қасына қосымша тағы екеуін орнатамыз. Жағдайды 3-4 күнде ретке келтіреміз деген ойдамын», — деді электр энергиясымен қамту компаниясының бас директоры Александр Чекулаев.

Қазір Мағжан Жұмабаев, Аққайың аудандарында жағдай тіптен қиын. Желілердің көбі осы аудандарда зақымданған.

«Штаб құрылып, мамандар демалыс күндері кезекшілікте болды. Әлеуметтік нысандарды бақылауға алдық. Яғни аурухананлар мен мектептерге арнайы генераторлар қойылды. Қазір көрші Ресей және Ақмола облысымен келісімге келдік. Енді бұл аудандарға электр энергиясы уақытша сырттан тасымалданады», — деді облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов.

Қазір өңірде 165 мыңнан астам абонент бар. 7 мыңы  жарықсыз отыр.  Бұл шамамен жүзден астам ауыл. Жалпы аймақта электр желілерінің 95 проценті тозған.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *