Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Пара алды деп айтыпталған бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаевқа сот үкімі шықты

Астанада 2018-2019 жылдар аралығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған Нұржан Әлтаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды тілшіміз Halyg Uni сайтына сілтеме жасап. 

Оған қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ақша түрінде пара алу) бойынша айып тағылған еді.

Сот үкімімен экс-вице-министр Әлтаев ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқара алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сот процесі басталған кезде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әлтаевқа қандай айып тағылғанын хабарлады.

Нұржан Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы Абылай Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам (115 мың АҚШ доллары және 8 млн 150 мың теңге) қаражат алды деп айыпталып отыр, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2023 жылдың 7 маусымында экс-вице-министр Нұржан Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстады.

Әлтаев 2018-2019 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтен пара ретінде ай сайын 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақша қаражатын алып отырды деген күдікке ілінді.

Кейіннен Әлтаев 2019-2020 жылдар аралығында Парламент мәжілісінің депутаты лауазымын атқарып, Мырзахметовтен пара алуын жалғастырған. Жалпы алғанда, ол пара ретінде 135 000 АҚШ долларын алды.

Алынған пара Нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты алуға жәрдемдесуге, сондай-ақ Әлтаев жетекшілік ететін салаларда Мырзахметовке жалпы қамқорлық және мүдделеріне лобби жасауға бағытталған, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 10 мамырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті  ұстады.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *