Бүкіл ел бойынша сирена қосылады
ТЖМ мамандары құлақтандыру жүйесін тексерді, деп хабарайды тілшіміз Azattyq Ruhy. сайтына сілтеме жасап.
23 қарашада сағат 12:55-те (Астана уақыты бойынша) республика бойынша электр сиреналарын, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосып, теле-радио хабарларын таратуды тоқтата отырып, құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі.Осы іс-шара «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдай кезінде әрекет ету туралы мәліметтер мен нұсқаулар алу үшін қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (телеарналар, радиолар, интернет сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар және т.б.) дереу қосуы керек.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға кеңес береді.