Спорт саласына аудит жүргізілді
Солтүстік Қазақстан облысында спорт саласындағы жекелеген бағыттар бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Тексеру комиссиясының ақпаратынша, белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 2,5 млн. теңгені құрады. Аудиторлар рәсімдерді орындау тәртібінде 35 заң бұзушылығын анықтады.
– Аудит объектілері жалақы, үстемеақылар, іс-сапар шығыстарын төлеу, жанар-жағармай материалдарын есептен шығару, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы және т.б. бұзушылықтарға жол берді. Мемлекеттік аудит объектілерінің сегіз лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Шаралар қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 72 материал ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді, – деп хабарлады тексеру комиссиясы.
Бес лауазымды тұлға жалпы 1 млн. теңгеге жуық айыппұл сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.