Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Кәсіподақ күніндегі марапат

Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың, облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының,  ардагерлер мен жастар өкілдерінің, әлеуметтік серіктестіктердің,  кәсіподақ активінің қатысуымен Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Жиынды ашқан  өңірлік кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев  республикалық кәсіподақ ұйымына 2 млн.-ға жуық адамның мүше екенін, облыс бойынша 65 мыңнан астам адамның  1265 бастауыш ұйымға біріккенін  жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов құттықтау сөзінде жергілікті кәсіподақ мүшелерінің өңірдің  әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына қосып отырған үлесін, жұмысшы-қызметкерлердің заңды  еңбек құқықтарын қорғаудағы маңызды рөлін  атап өтіп, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.

Көп жылғы адал еңбегі, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға және кәсіподақ қозғалысын қолдауға қосқан елеулі үлесі үшін  облыстық пошта байланысы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Береке Шөпеноваға облыс әкімінің  Құрмет грамотасы, Петропавл № 2 жылу электр орталығы химия цехының инженер химигі Елена Коваль мен Солтүстік Қазақстан энергия тарату  компаниясы  М. Жұмабаев атындағы аудандық электр жүйесінің бастығы Евгений Мурзинге Алғыс  хаты салтанатты түрде табыс етілді.

«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ бас директорының орынбасары Айнагүл Рахметова,  оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері Шал ақын аудандық филиалының төрағасы  Дулат Жарқынбаев, облыстық әкімдіктің персоналды бірыңғай басқару қызметінің бас маманы Ақсәулеш Сұлтанғалиева, Петропавл теміржол стансасы кәсіподақ ұйымының жетекшісі Владимир Ботяев, «АгроВектор-Снаб» ЖШС директоры Құрман Исаев, тағы басқалары республикалық  Кәсіподақтар федерациясының «Үздік әлеуметтік әріптес»,  «Қазақстанның кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбегі үшін», «Еңбек  даңқы»   мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен,  Алғыс хаттармен, төс белгілерімен марапатталды. Бір топ қызметкерге ақшалай сертификаттар мен «Береке» санаторийіне жолдамалар берілді.

Петропавлда 32 көпқабатты үй салынуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *