Петропавлда 10 күн бойы ыстық су болмайды
Тасқын су арнасына түсіп, Петропавлда жаңа мәселе туындамақ. «Петропавл жылу желілері» ЖШС-ның ақпаратына сәйкес, қаламызда 10 бойы ыстық су болмайды. Тіршілік нәрі мамырдың 12-сі күні тоқтатылады.

Коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше. сынақ жұмыстары келесі жылыту маусымына дайындалу үшін жылу желілерінің жабдығы мен құбырларының ақауларын анықтау үшін жүргізіледі. Сынақ кезінде жер асты және жер үсті орындалудағы магистральдық желілер жұмыс қысымынан 25%-ға жоғары болады.
— Желі суының температурасы +40 градустан аспайды.Жұмыс 10 күн ішінде жүргізіледі, осы кезеңге Петропавл қаласын ыстық сумен жабдықтау тоқтатылатын болады»,-деп жазылған хабарламада.
Жұмыстар аяқталған соң ыстық су кезең-кезеңмен тұтынушыларға берілетін болады. Егер ақаулар шығып жаста, жөндеу үшін кейбір учаскілерде су беру қайта тоқтатылады.

