Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Аттан құлап күйік шалды

Облыстың 38 жастағы тұрғыны ерекше жағдайда түрлі дене жарақатын алды. Ер азамат аттан құлап отқа құлады, сондай-ақ сынық алды. 

Петропавл қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасының мәліметінше, ер адам емдеу мекемесіне аралас жарақаттармен түскен. Дәрігерлер оның бұғанасының сынып, орнынан шығып кеткенін анықтады және сол жақ иығы мен алдыңғы кеуде жағы шамамен 2% күйген.

— Бастапқыда зардап шегушінің қолы жұмсақ Дезо таңғышымен таңылды, кейін травматологтар сүйек сынықтарын іштен бекітіп, ашық түрде репозиция операциясын жасады. Бүгінде ер адамның жағдайы тұрақты, жақсарып келеді, күйік жаралары үнемі өнделіп, стерильді таңғыштармен таңылады. Ол травматология бөлімшесінде мамандардың бақылауымен ем алып жатыр, — дейді аурухана мамандары.

Бүгін — Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *