Петропавлдағы Қозыбаев университетінде «Ұлытаудың ұлдары – ұлтым деген» атты республикалық студенттер айтысы өтті. Ақындар айтысы академик Манаш Қозыбаевтың 95 жылдығы мен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойларына орайластырылды.
Айтысқа Көкшетау, Павлодар, Семей, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Түркістан және Астана қалаларынан келген студенттер қатысты. Айтыстың қазылар алқасын ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман бастады.
Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлде алматылық Зарина Пердебайға бұйырды. І орынды Сыр өңірінің өкілі Елдар Әмірхан иеленді. ІІ орынды көкшетаулық Аякөз Мұханқызы, ІІІ орынды павлодарлық Рамазан Дәуренбек алды.
Шара барысында Жүрсін Ерман Қозыбаев университетінің Манаш Қозыбаев атындағы медалімен марапатталды.