«Дарын» мектебі мен Омбы университеті меморандум жасасты
Петропавлдағы «Дарын» мектеп-лицейі әдістемелік орталықпен бірлесіп, білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастаманы қолға алды. Жоба аясында Омбы мемлекеттік педагогикалық университетімен меморандумға қол қойды.
Омбыдан келген делегация мектеп оқушыларына арналған дидактикалық ойындарды таныстырып, «Оқыту технологиялары зертханасы» жобасы аясында әзірленген ойынын ұсынды. Негізгі мақсат – оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білімді тәжірибе арқылы меңгеруіне мүмкіндік беру.
Жоба аясында экономика, тарих, әдебиет және қаржылық сауаттылық бағыттары бойынша ойындар әзірленген. Сабақтардың оқушыларға тигізер пайдасы зор.
Тарихи ойындардың бірі «Ұлы дала» деп аталады. Ол Солтүстік Қазақстан мен Омбы өңірін қамтитын ортақ тарихи-географиялық кеңістікке арналған.

