Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Қызылжар» клубын басқарған Григорий Лорияға іздеу жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында бұрын «Қызылжар» футбол клубын басқарған 72 жасар Григорий Лорияға іздеу жарияланды.

«Туған күні: 18.03.1954,

жынысы: ер, ҚР азаматы, Грузин. 07.11.2026 іздестіру ісі «Солтүстік Қазақстан облысы» аймағында тіркелген.

Бастамашы: АФМ. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (тел. 87152469818) «, — делінген Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Лорияның іздестіру карточкасында.

HALYQSTAN Telegram-арнасы хабарлағандай, бұған дейін Григорий Лория сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару туралы қылмыстық іс бойынша күдікті болып табылады.
Қолда бар мәліметтер бойынша, ол экономикалық тергеу департаментіне жауап алуға, сондай-ақ тергеудің қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай таңдау туралы өтініші қаралған сот отырысына келмеген. Осыдан кейін оған іздеу жарияланды.

2024 жылы «Қызылжар» футбол клубында бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды. Эпизодтардың бірі бойынша клуб бухгалтері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 2026 жылдың қаңтарында сот оны жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Григорий Лорияға қатысты жеке қылмыстық іс тергелуде.

Айта кетейік, Григорий Лория «Жеңіс» компаниясының бас директоры және Астана қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат Давид Лорияның әкесі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *