СҚО халқын жылу және жарықпен қамтамасыз етіп отырған монополист компания 1,8 млрд теңге қарыз
Солтүстік Қазақстан халқын жылу және электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған «СевКазЭнерго» акционерлік қоғамы көмір тасымалдаушы компанияға 1,8 млрд теңге қарыз, деп хабарайды тілшіміз.
Монополист компания басшылығы бұл мәселе жылыту маусымын бастауға кедергі келтірмейтінін айтты. Қазіргі таңда жылу электр орталығында 138 мың тонна көмір қоры бар. Жуырда қара отынның кезекті партиясы жеткізілуі тиіс. Облыс орталығында орналасқан әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады.
«Қарыздың 1,1 млрд теңгесі – өткен жылғы берешек. Қалғаны биылғы көмір үшін төленетін сома. Қатты отын тасымалдаушы компаниямен келіссөз жүргіздік. Ақшаны біртіндеп қайтарамыз. Жылыту маусымы кедергісіз өтуі тиіс», — деді кәсіпорынның бас директоры Анатолий Казановский.