Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстікқазақстандықтар жаппай қысқа қамданып жатыр

Петропавл қаласында күн суыта көмірге деген сұраныс артты. Қазір қатты отын сатып алу орындарында кезек көп. Жаз байы жайбарақ жатқан тұрғындар тапсырысты қар түскен соң ғана беріп жатыр, деп хабарлайді тілшіміз.

Темір жол тұйығының қақпасы ашыла қалса жүргізушілер жүйіткей жөнеледі. Бәрі — көмір алуға келгендер. Алды таң сәріден күтіп тұр.   

«Таңғы жеті жарымда, кейбірі одан ерте келіп алады. Өзі жол жаман. Таңнан бері түсіріп жатыр. Сағат 10 болды міне. Машинаны қыздырумен өзі отырмыз. Кейде күні бойы тұрып дәл жанына келгенде көмір бітеді. Артынша бұрылып үйімізге кетеміз», — дейді Петропавл қаласының тұрғыны Зарлықан Қиындин.

Бұл — Петропавлдағы ең ірі көмір сату орны. Қалалықтар сұранысқа ие — Шұбаркөлді осы жерден ғана ала алады. Қазан айында темір жол тұйығына «қатты отынның» 101 вагоны келіп түсті. 

Бұл жолы 9 вагон көмір кешке дейін жоқ болады. Сұраныстың артуына күннің суығы себеп болған. «Қысқа қамданып үлгермеген тұрғындар қар түскенде бірақ қимылдайды», — дейді сатушылар.

«Жоспар бойынша қараша айына 83 вагон  алып жатырмыз. Халық  енді қамданып жатыр. Жаз мезгілінде мұндай кезек болмаған»,- дейді көмір сату орнының менеджері Мұратхан Тұрмұхамбетов.

Бұл жыл сайын қайталанатын маусымдық жағдай. Жалпы, жер үйде тұратын солтүстікқазақстандықтар қыс бойы 420 мың тоннаға жуық көмір жағады. Әзірге, оның жартысынан астамы ғана алынған. 

«Облыс бойынша 37 мың тонна көмір қоры бар. Оның 2 мың. тоннаға жуығы Петропавлда.  Сонымен қатар Министрлікпен қараша айына қосымша вагон қосу туралы келісім – шарт жасалды»,- деді энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Евгения Островская.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 32 көмір сату орны бар. «Оларға «қатты отын» күн сайын түседі», — дейді мамандар. Ал, қыс болса келіп қалды. Өңірде соңғы күндері күн күрт суытып, қар жауды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *