Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мемлекеттік рәміздер күнінде «Күдер» ансамблі күйлерді шырқады

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Тәуелсіздігімізді айшықтайтын ұлттық символдарымызға биыл 32 жыл толып отыр. Атаулы датаға орай 29 жылдық тарихы бар «Күдер» домбырашылар ансамблі орталық алаңда тұрғындарға өз өнерлерін паш етті.

«Күдер» ансамбілінің негізін қалаған ҚР «Мәдениет қайраткері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері  – Тойкен Күдерова. Осы уақытқа дейін құрметті ұстаз өңірде 500-ге жуық шәкірт тәрбиелеген. Бүгінде оның көпшілігі музыка саласында жемісті еңбек етіп жүр. Ансамбльдің репертуары классикалық және халық күйлерінен құралған. Бүгін де орталық алаңға жиналған тұрғындарға қазақтың қара домбырасымен күй шертіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

— «Күдер» ансамбілінің тәрбиеленушілері көптеген республикалық сайыстардың жеңімпазы. Жақында өзіміздің жеке концертімізді бердік. Бүгін де міне,өңір тұрғындарын мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, өнерімізді паш етудеміз. Халық қанша күй сұраса, сонша орындауға дайынбыз», – деді «Күдер» домбырашылар ансамбілінің жетекшісі Тойкен Күдерова.

Спорт саласына аудит жүргізілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *