Жарияланған күні: 19.09.2025
СҚО-да астықтың 50 пайызы қамбаға түсті
Облыста дәнді және бұршақ-дәндес дақылдардың 1 жарым млн. гектары жиналды. Бұл шамамен егістік алқабының 49,5 пайызын құрап отыр.

СҚО-да бастырылған астық көлемі 2,5 миллион тоннадан асты, орташа өнімділік — гектарына 16,9 центнер.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жүйелі еңбегі мен мемлекет тарапынан көрсетілген айтарлықтай қолдаудың нәтижесінде, орақ науқаны ұйымдасқан түрде әрі жоғары тиімділікпен жүргізілуде.

