Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ЖРВИ жұқтырудың 100 мыңнан астам дерегі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, өңірде жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша сырқаттанушылық маусымдық өсуімен сипатталуда. 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 106 358 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 21,7%-ға төмен (2023/2024 маусымда – 135 923 жағдай). Науқастардың көпшілігі – 14 жасқа дейінгі балалар (66,8%).

— Осы маусымда тұмаудың 109 жағдайы анықталған. ЖРВИ-мен ауырғандардан зертханалық зерттеу нәтижесінде риновирус, аденовирус, парагрипп, метапневмовирус, МС-вирус және бокавирус секілді вирустар да тіркелді,- дейді спикер.

Маусымдық тұмаудың алдын алудың ең тиімді тәсілі – вакцинация. 2025 жылғы 23 қыркүйектен бастап облыста тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Биыл тәуекел топтары үшін ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды.

Тегін екпе медицина қызметкерлеріне, балалар үйлері мен қарттар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жүкті әйелдерге, созылмалы аурулары бар және 65 жастан асқан адамдарға салынады. Қазіргі таңда 713 адам егілді.

СҚО-да жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *