Петропавлда қаңғыбас жануарларға паналау орталы әлі ашылған жоқ
Петропавлда жер үйлер сүріліп, орнына жаңа көпқабатты баспаналар бой көтеруде. Өкінішке қарай, тұрғындар заманауи қонысқа көшіп, төртаяқтыларын далада қалдырып жатыр. Салдарынан қаңғыбас ит-мысықтар саны өсуде. Бұл мәселені шешу мақсатында бүгінде жануарларға арналған паналау орталығын ашу жоспарда бар.

Дегенмен, паналау орталығының сматеалық жобасы дайын болғанымен, ғимаратты тұрғызуға ақша табылмай жатыр. Мұны «Аманат» партиясында кезекті жиынның бірінде айтылды.
Айта кету керек, қаңғыбас иттер қай кезде болмасын адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Егер қауып алса, түрлі ауру жұқтыруы ықтимал. Бұл жануарлар жыл сайын көбейіп жатыр.
— 500 ит рен 30 мысыққа арналған нысаннаң жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Бірақ, әзірге қаржы бөлінген жоқ. Биыл басқарма 300 ит-мысыққа вакцина салу мен стерилизация жүргізуі тиіс болатын. Жоспар 90 пайызға орындалды, — дейді СҚО ветеринария басқармасы бөлімінің басшысы Наталья Тараканова.

